Бұл арнайы жоба "Теңізшевройлдың" Қазақстан экономикасындағы рөлі мен отандық бизнесті дамытуға қосқан үлесіне арналған. Zakon.kz компаниялардың даму тарихы, сарапшылар пікірі және нақты деректер арқылы ТШО қызметінің мұнай өндіру саласымен шектелмей, елдегі өнеркәсіптің, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтудың дамуына, сондай-ақ тұрақты өндірістік тізбектердің қалыптасуына қалай ықпал етіп отырғанын баяндайды.
Нақты мысалдар арқылы мұнай-газ саласындағы ірі компаниямен ынтымақтастық қазақстандық кәсіпорындардың технологияларын жаңғыртуға, халықаралық сапа стандарттарын енгізуге және жаңа нарықтарға шығуына қалай ықпал ететінін көре аласыз.
Арнайы жоба кәсіпкерлер мен өндірушілерге "Теңізшевройлдың" жеткізушісі атану жолдары, серіктестерге қойылатын талаптар және компаниямен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді.