Сонымен қатар, «Теңізшевройл» локализацияға арналған жарамды тауарлар мен қызметтердің 50-ден астам қосымша санатын анықтады. Өндірісті кеңейту қазақстандық кәсіпорындарға мұнай-газ саласындағы жеткізу тізбегінде орнықты орынды иеленуге және ірі индустриялық жобаларға қатысу әлеуетін біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы екі жылда ТШО Теңіздегі өз қызметіне қажетті 13 отандық тауар өндіруші және қызмет көрсетуші компаниялармен келісімшарттар жасасты.
«Теңізшевройл» жеткізушісінің жолы ынтымақтастық идеясынан келешектегі ұзақ мерзімді келісімшартқа дейінгі жоспарлы үдеріске ұқсайды. Бұл туралы толығырақ алдыңғы
материалдан таныса аласыздар.