Біліктілік талаптарынан өту компания үшін соңғы мақсат емес, дамудың жаңа кезеңіне бастар қадам болды. Studbolt Manufacturing өндірістік қуатын арттыруға, өндірісті автоматтандыру деңгейін көтеруге және жаңа бағыттарды игеруге кірісті. Келесі қадам – фитингтер өндірісін Қазақстанда жолға қою. Бұл мұнай-газ саласына арналған өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде кәсіпорын жаңа технологияларға, мамандардың өндірістік біліктілігін арттыруға және сапаны бақылау жүйесін жетілдіруге инвестиция салуды жалғастырып келеді. Оның ірі өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастығы мен алған марапаттары жұмыс сапасының жоғары екенін көрсетеді.
2020 жылы Studbolt Manufacturing Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды. 2021 жылы өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығын алды. Ал 2025 жылы салалық «Машина жасаушы» медалімен марапатталды.