Болашаққа қол созу:
Kaspi.kz жаңа сервистерінің таныстырылымы қалай өтті
31 қазанда Алматыда Kaspi.kz таныстырылымы өтіп, компанияның жетекшісі және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе миллиондаған қазақстандықтардың өмірін жеңіл, қауіпсіз етіп, ұлттық мақтанышқа айналдыратын жаңа сервистерді ұсынды.

Әрбір Kaspi.kz таныстырылымы — бұл болашаққа қол созу мүмкіндігі. Бұл кеш Қазақстанда жасалған технологиялардың күнделікті өмірді қалай өзгертетінін тағы да көрсетті. Басты жаңалық — Kaspi Alaqan. Бұл Kaspi.kz компаниясының өз әзірлемесі — алақанды терминалға тигізу арқылы төлем жасау тәсілі. Картасыз, телефонсыз.

Kaspi атау ретінде сервистің мәнін дәл жеткізетін қарапайым әрі түсінікті сөзді таңдады. «Алақан» —адамның алақаны дегенді білдіреді.
— Бәрі қолдан басталады. Ақшаны қолмен ұстаймыз. Кейін біз картаны жасадық. Картада ақша бар, карта — қолда. Содан кейін біз картаны ұялы телефонға енгіздік. Телефон да — қолда. Бұдан кейін«егер қол болса, басқалары не үшін керек?», деп ойладық. Сондықтан бүгін біз қолмен төлеуді іске қосамыз! — деді Михаил Ломтадзе.
Kaspi Alaqan-ның алғашқы клиенті – әйгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды. Ол тығыз жаттығу кестесіне қарамастан, жаңа сервистің таныстырылымына қатысып және жүйеге бірінші болып тіркеліп, төлем жасады. Михаил Ломтадзе бұл туралы «Kaspi Alaqan алғашқы пайдаланушысы кім болғанын көріп, шокта», деп әзілдеді. 
Бұл технология қарапайым және қорғаныс деңгейі тіпті клиенттерге таныс, күн сайын миллиондаған пайдаланушылардың Kaspi.kz қосымшасына, Kaspi банкоматтар мен Kaspi Картоматтарға қауіпсіз кіруін қамтамасыз ететін Kaspi ID-ден де жоғары.

Алақанмен төлеу мүлде қауіпсіз: әр адамның алақаны бірегей, ал Kaspi Alaqan осы ақпаратты шифрланған цифрлық кодқа айналдырады, кейін ол Kaspi дерекқорында сақталады, ол  клиентті сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Kaspi Alaqan-ға қосылу банкомат немесе терминал арқылы бірнеше секунд қана алады, содан кейін сатып алу үшін төлем жасауға болады.
— Кейде интернет болмай қалады немесе қосымша істемей қалады. Телефонның қуаты да бітіп қалуы мүмкін. Бірақ алақанға интернет те, қуат та қажет емес — деп атап өтті Михаил. —Біз әр жолы жаңа сервистерімізді қолданып, сенім білдіретін сүйікті клиенттерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Бәріміз бірге Қазақстанды кезекті рет әлемдік инновациялар картасына қосайық!
Пайдаланушы бәрін өзі бақылайды: Kaspi Alaqan тіркеуін кез келген уақытта өшіруге болады. Бұл — отандық әзірлеме және ол Қазақстанды алақанмен төлеу жүйесін енгізген санаулы елдердің қатарына қосты. Бүгінде мұндай технология Қытай мен АҚШ-та бар.
— Тағы бір жаңалық: Kaspi Alaqan-ға қосылған кезде біздің серіктестеріміз үш ай бойы төлем қабылдағаны үшін комиссия төлемейді — 0%. Бұл технологияны байқап көру, сенімді болу және бәріне ұнауы үшін, — деді Михаил. — Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенеміз. Бірақ мен біздің сервистің тамаша екеніне, бәріміз таңқалатынымызға нық сенімдімін. Көз алдыңызға елестетіңізші: шетелдіктер мейрамханада отыр, біз келеміз де шотты алақанмен төлейміз. Шетелдіктер шок болады!
2025 жылдың күзіне қарай бұл технология бүкіл ел бойынша банкоматтарға енгізіледі, ал желтоқсанға дейін Алматының дүкендері мен сауда орталықтарында, кейін бүкіл ел аумағында іске қосылады.
— Kaspi Alaqan — біз осыған дейін жасағандардың ішіндегі ең технологиялық, ең қымбат құрылғы. Бірақ бұрынғы төлем терминалдары сияқты мұны да серіктестерімізге тегін береміз. Қазірдің өзінде Алматыға арналған 20 мың құрылғы дайын. Жақында алғашқы «алақандарды» серіктестерімізден көресіздер! — деді Михаил.
Михаил Ломтадзе сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған екі жаңа сервисті таныстырды.

Kaspi Ai — Kaspi Магазин серіктестеріне арналған ақылды ассистент. Ол тауар карточкаларын жасайды: фотосуреттерді өңдеп, сипаттаманы толтырады және мәтін ұсынады. Бұрын бірнеше сағат алатын жұмыс енді бірнеше минутта орындалады. Kaspi Ai 2026 жылдың қаңтарында қолжетімді болады.
— Kaspi Ai — ақылды көмекші, мұндағы «көмекші» сөзі  маңызды. Бұл дегеніміз Ai адамды алмастырмайды, тек шешім қабылдауды жеңілдетеді, шешім қабылдау бәрібір серіктестің, яғни осы көмекшіні қолданатын адамның өзінде қалады.

Қарапайым, бірақ жиі қайталанатын міндеттер бар – оларды осындай технологиялардың көмегімен жылдам, жеңіл әрі сапалы орындауға болады. Бүгін біз сол міндеттердің бірі туралы айтамыз — ол Kaspi Ai-дің серіктестер үшін алғашқы қолдану саласы болмақ.

Саудадағы ежелден бергі ең маңызды мәселелер: бірі — клиентке дұрыс таңдау жасауға қалай көмектесуге болады, екінші — мен қалай сатылымды арттыра аламын?

Kaspi Ai осы сұрақ туралы ойланып, бізге жауап берді: бірінші қадам — сапалы контент жасау, бұл бір мезетте екі міндетті орындайды: ол клиентке дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі және дүкеннің сатылымын арттырады. Контент бірден назар ауатындай сапалы болуы тиіс, — деп түсіндірді Михаил Ломтадзе.
Kaspi Ai тауардың суретін талдап, сипаттаманы өзі жасайды. Мақтануға тұратын ең маңызды нәрсе — жүйе қазақ, орыс және түрік тілдерінде жаза алады, ал қазақша үлгі — ең сапалысы.
Мысалы: шәйнек. Біз Kaspi Ai-ден шәйнектің сипаттамасында нені жақсарту керегін сұрадық. Ол ең алдымен шәйнекті интерьерде көрсетуді ұсынды. Өйткені мұндай фотолар сатылымды арттырады: адамдар тауарды интерьерде көрген соң, қызығушылығы оянады. Екінші, ірі планда көрсету, өйткені шәйнектің сенсорлы экраны бар, демек бұл «ақылды шәйнек». Ал егер смартфонды көрсететін болсаңыз, тауардың ақылды құрылғы екенін көрсетесіз. Сондай-ақ, өлшемдерін көрсету керек. Айта кететін нәрсе суреттерді Kaspi Ai өзі жасады.Ол суреттерді жасап, не үшін дәл осындай болуы керегін түсіндірді. Kaspi Ai сондай-ақ, тауардың сипаттамасын ұсынды.
Kaspi Ai шәйнектің карточкасын жақсартуға көмектескен соң, клиенттердің қызығушылығы 35%-ға, ал сатылым 83%-ға артқан.
Келесі мысал — дөңгелек.
— Біз Kaspi Ai -ден дөңгелектерді не істеу керегін сұрадық. Ол алғашқы суретті инфографика түрінде жасауды ұсынды. Өзі жасады, өзі түсіндірді. Инфографикада маусымдылық, темір тежегіштер бар-жоғы, өлшем сияқты ақпарат көрсетілген. Сондай-ақ қардың суретін салып берді, ол маусымдық тауар екенін бірден көрсетеді. Сипаттамада осы басымдылықтарын атап өтті. Бірінші сурет өте маңызды, өйткені клиент ең бірінші соны көреді. Бұл клиенттердің қызығушылығын 40%-ға, сатылымды 50%-ға арттырады.
Осылайша, Kaspi Ai сатушыларға тауар карточкаларын жетілдіруге көмектеседі: фотосуреттерді, сипаттамаларды, өлшемдерді және артықшылықтарды қосады, визуалды екпіндерді дұрыс қояды. Қажет болған жағдайда сервис қосымша деректерді — мысалы, жапсырманың суретін — өзі сұрай алады. Бірақ, кәсіпкер карточканы өзі толық бақылайды: мәтінді өңдеп, ең сәтті суреттерді таңдай алады.

Kaspi Ai дайын тауар карточкасын небәрі үш минутта жасап шығарады, бұл өнімнің тартымдылығын арттырып, қайтарылған тауарлар санын азайтады. Бұрын мұндай жұмыс үш есе көп уақыт алатын. Михаил Ломтадзе атап өткендей, Kaspi Ai көмегімен жасалған карточкалар бойынша клиенттердің қызығушылығы мен сатылым өсімі 30 күн бойы үздіксіз байқалып отырған.
Михаил бизнес үшін ұсынған екінші сервис — «Сыртқы жарнама». Ол арқылы серіктестер Kaspi.kz интерфейсі арқылы Instagram, Google, Facebook, TikTok сияқты платформаларда жарнамалық науқандарды іске қоса алады.
Бұл сервис небәрі бір минут ішінде жарнаманы құрып, іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пайдаланушы жарнаманың Instagram, Google, Facebook және TikTok сияқты түрлі платформаларда қалай көрінетінін алдын ала көре алады. Науқан іске қосылғаннан кейін серіктес барлық арналар бойынша толық аналитикаға қол жеткізеді — тиімділік көрсеткіштері, нәтижелер туралы мәліметтер, сондай-ақ жарнамалық кампанияны уақытша тоқтату немесе қайта қосу мүмкіндігі бар. «Сыртқы жарнама» сервисі қараша айында қолжетімді болады.
Бұл инновациялар ертең-ақ қазақстандықтардың күнделікті өміріне енетіні анық. Бұған дейін де солай болған: теңдессіз жаңа сервистердің таныстырылымнан кейін өте жылдам уақытта танымал әрі сүйікті сервистерге айналды.
— Біз осы уақытқа дейін қандай тамаша сервистерді іске қосқанымызды еске түсіргім келеді, — деді Михаил Ломтадзе. —Бүгінде күнделікті өміріміздің бөлігіне айналғаны соншалық, оларды кейде тіпті байқамаймыз да. Мысалы, барлығының сүйікті Kaspi Gold картасы. Басында идея өте қарапайым еді — әр қазақстандыққа «алтын карта» беру. Қазір 15 миллионнан астам клиентіміз Kaspi Gold-ты қолданады. Бұрын басқа банктердің картасын алу бір апта, кейде он күнге дейін созылатын. Біз оны 15 минутта алуға мүмкіндік жасадық — ол кезде бұл нағыз ғарыш еді. Кейін Kaspi Картоматты жасадық — ол картаны 60 секундта шығарады. Бұл — әлемде баламасы жоқ бірегей технология және құрылғы. Кейін бізден кейін ұқсас құрылғыны әріптестеріміз іске қосты. Барлығы — Қазақстанда, біздің инженерлеріміз бен мамандарымыз сүйікті клиенттеріміз үшін жасады. Қазір Kaspi Картомат картаны бар болғаны 45–60 секундта шығарады.
Михаил сондай-ақ өз уақытында маңызды инновация болған коммуналдық төлемдерді комиссиясыз және кезексіз онлайн төлеу мүмкіндігін еске салды. Кейін Kaspi бұл бағытты кеңейтіп, қазір бәріне үйреншікті болып кеткен білім беру, көлік, автотұрақ, вендинг аппараттары, билеттер және басқа да қызметтерді қосты. Бүгінде Kaspi-дің тек төлемдер саласында 30 мыңға жуық серіктесі бар. Сондай-ақ қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған сервистердің бірі — телефон нөмірі арқылы ақша аудару.

Kaspi кәсіпкерлерді заманауи төлем терминалдарымен қамтамасыз ету үшін бүкіл ел аумағында тегін таратты. Ең танымал сервистердің бірі Kaspi QR болды. 
— Kaspi QR — бұл ерекше құбылыс. Бүкіл әлемде QR төлемдері біздегідей кең тараған ел — тек Қытай. Көпшілік бізге сенбеген, бірақ біз оны жүзеге асырдық, себебі мобильді телефон арқылы төлеуді өте ыңғайлы еттік. Біз серіктестерімізбен бірге бүкіл ел бойынша төлем терминалдарының желісін құрдық. Біз төлем терминалдарын тегін бердік, ол бізге шамамен 200 миллион долларға түсті. Бір терминалдың құны 300 доллар  шамасында. Ал біз жалпы саны 700 мыңнан астам құрылғыны тегін бердік. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстандағы дүкендер мен серіктестер 100% QR арқылы төлем қабылдайды.
Басында мүмкін емес көрінген тағы бір жоба — Covid пандемиясы кезінде іске қосылған Kaspi Travel. Қазір оның 5 миллионға жуық клиенті бар және сатылым көлемі 67 миллион. Kaspi Travel үнемі дамып келеді және жақында Қазақстан ішіндегі турларды іске қосты.
— Енді қазақстандықтар біздің қосымша арқылы еліміздің ең көрікті жерлеріне бара алады. Біз баршаңызды ішкі туризмді бірге дамытуға шақырамыз! — деді Михаил Ломтадзе.
Kaspi Магазин және Kaspi Жеткізу сатушы мен сатып алушы арасындағы қашықтықты қосымшада бір-екі шертуге дейін қысқартты. Kaspi Магазин сатып алушыларға жайлылық немесе әр клиентке жақын орналасқан Kaspi Postomat емес, сонымен қатар шағын бизнесті дамытушы. Бүгінде кәсіпкерлер Қазақстанның кез келген қаласында отырып, өз тауарларын бүкіл ел аумағындағы сатып алушыларға ұсына алатын ерекше мүмкіндік бар.
— Менің әрқашан қоятын бір сұрағым бар: егер Kaspi Магазин болмағанда не болар еді? Қай шетелдік онлайн-платформа елімізде нөмірі бірінші болар еді? Біздің магазиннің арқасында шағын бизнес шетелдік интернет-алаңдармен тең дәрежеде бәсекелесе алады. Біз тек қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істейміз, — деп атап өтті Михаил.
Әрине, ерекше атап өтерлік тағы бір бағыт — мемлекеттік қызметтер, бұл әрбір қазақстандық үшін жеке мақтанышына айналды.
— Мемлекеттік қызметтер — бұл біздің ортақ жетістігіміз. Біз мемлекеттік органдармен және министрліктермен бірлесіп жасаған жұмыс —теңдесі жоқ мысал. Басқа бірде бір елде адам көлігін досымен бірге шай ішіп отырып сатып немесе қайта тіркей алмайды. Бұл мүмкін емес деп саналады. Бізде цифрлық құжаттар бар, оны мемлекеттік органдамен  бірлесіп жасаймыз, көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі бар — бұлар бүгінде ең танымал сервистердің қатарында. Тағы бір айрықша жетістік — жеке куәлікті ауыстыру қызметі, тікелей қосымша арқылы қолданушы өзін өзі суретке түсіріп, жаңа жеке куәлігін ала алады. Қазір залда отырғандардың ішінде қаншасы мемлекеттік қызметтерді пайдаланады? Он адамның сегізі Kaspi.kz-тегі мемлекеттік қызметтерді қолданады!
Kaspi.kz-тің кезекті инновацияларының таныстырылымы күткендегідей үлкен әсер қалдырды. Енді тек өз алақаныңмен кез келген тауар мен қызметке төлем жасап, банкоматтан қаражат шешу немесе керісінше — шотты толтыру мүмкіндігін күту ғана қалды. Және жаңа дәуір басталды деп айтуға болады.
Поделиться в соцсетях

КР Каржы нарыгын жане каржы уйымдарын реттеу мен кадагалау агенттігі берген Nº 1.2.245/61 лицензия


Фото: Kaspi.kz

Верстка: Ким Маргарита

©1999-2025 СИ "Zakon.kz"