Жазғы Kaspi Жұма:
қазақстандықтарға тиімді сауда, қазақстандық бизнеске жаңа мүмкіндіктер
4 күн, миллиондаған тауар және ірі брендтерден бастап отандық өндірушілер мен қолөнер шеберлеріне дейін еліміздің түкпір-түкпіріндегі жүздеген мың кәсіпкер. 18–21 маусым аралығында өткен жазғы Kaspi Жұма сатып алушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашты: 50%-ға дейінгі жеңілдіктер, жоғары бонустар және серіктестердің арнайы ұсыныстары.

Бүгінде Kaspi Жұма жай ғана жеңілдіктер күндері емес. Ол миллиондаған қазақстандықтар асыға күтетін тиімді сатып алу мерекесіне және отбасылық шеберханадан бастап ірі дүкендерге дейінгі кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Бұл күндері кәсіпкерлік, отандық өндіріс, логистика және ішкі туризм қосымша серпін алады.

Жазғы Kaspi Жұманың қалай өткені туралы толығырақ біздің фоторепортажымызда.
Отандық өндірушілер Kaspi Жұма кезіндегі сатылымның артқанына қуанышты
Қазақстандық Avero матрас фабрикасында жұмыс қызу жүріп жатыр. Бір топ шебер серіппелермен жұмыс істеп, материалдарды пішеді. Екінші топ маталарды арнайы қорғаушылармен өңдеп, матрастың құрылымын тігеді. Ал үшінші топ дайын өнімді қоймаға жеткізіп, қаптамамен айналысуда.
Avero цехының шеберлері барлық клиенттің көңілінен шығу үшін сапа мен өндіріс қарқынын қатар қамтамасыз етеді
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту үшін Kaspi.kz мүмкіндіктерін пайдаланады. Kaspi.kz көмегімен Тараздағы шағын өндіріс бүгінде республикалық деңгейге дейін өсіп, Avero матрастарын Қазақстанның барлық өңіріне жеткізіп отыр.
Avero матрастарын Қазақстанның барлық өңіріне жібереді
«Бұрын Қазақстанның шалғай өңірлеріне жеткізуді ұйымдастыру қиын болатын. Сенімді логистикалық серіктестерді іздеуге тура келетін. Қазір Kaspi арқылы бұл әлдеқайда жеңіл. Ең бастысы – бізді енді қашықтық шектемейді. Бүгінде матрастарымыз Қазақстан Республикасының барлық аумағында сатылады.

Kaspi Жұма біз үшін әрдайым мереке. Біз де осы мерекелік көңіл күйді қымбатты клиенттерімізге сыйлауға тырысамыз. Оларға сыйлықтар, түрлі сертификаттар және шетелге саяхаттар ұсынамыз.

Біз үшін сатылымның ресми түрде жүргізілетіні өте маңызды. Осылайша бизнесіміз өседі, ал салықтар ел бюджетіне түседі», – дейді Avero матрас фабрикасының басшысы Григорий Повстянко.
Григорий Повстянко
KazStroyKom Engineering терезе шығаратын зауытында мамандар бір мезетте ондаған тапсырысты орындап жатыр. Kaspi Жұмаға арналған арнайы ұсыныс аясында кәсіпорын тапсырыс берушілерге премиум санаттағы материалдарға жеңілдік ұсынады.
Компания өкілдерінің айтуынша, Kaspi Жұма кезінде сатылым көлемі екі есеге артып, жаңа сатып алушыларды табуға мүмкіндік береді.
KazStroyKom Engineering зауытында әрбір тапсырысты мұқият орындайды
«Kaspi.kz бізге, кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетті. Kaspi Жұма кезінде өндіріс көлемі екі есеге дейін артады. Сонымен қатар, Kaspi бізге жаңа клиенттер табуға көмектеседі. Сондықтан біз Kaspi Жұманы әрдайым асыға күтеміз.

Осы Kaspi Жұмаға біз арнайы ұсыныс дайындадық: премиум санаттағы алюминий профильдерін өте тиімді шарттармен ұсынамыз», – дейді KazStroyKom Engineering компаниясының жетекшісі Рустам Чалов.

Рустам Чалов

Алматыдағы құрылыс зауыты дәстүрлі кірпішке заманауи балама саналатын полистиролбетон блоктарын шығарады. Бұл материалдан салынған үйлердің ерекшелігі – қосымша жылытуды қажет етпейді. Жазғы Kaspi Жұма кезінде көптеген клиент өз арманына алғашқы қадам жасап, полистиролбетон блоктарына тапсырыс беріп, жеке үйінің құрылысын бастады.

Kaspi Жұма кезінде «Полистиролбетон орталығы» өндіріс көлемін ұлғайтты

«Kaspi Жұма кезінде жұмыс қарқынымыз айтарлықтай артады: өндіріс көлемін көбейтеміз және клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, тиімді сатып алулар мерекесіне орай арнайы акция өткіздік: біздің блоктарды сатып алған әрбір клиентке қалау жұмыстарына арналған желім сыйлық ретінде берілді.

Менің ойымша, Kaspi Жұма сияқты тиімді сатып алулар мерекесі өте қажет. Өйткені бұл клиенттер ағынын арттырып, сатылымды ынталандырады және құрылыс саласының дамуына серпін береді», – дейді «Полистиролбетон орталығының» менеджері Мадияр Күмісбеков.

Мадияр Күмісбеков

ProKitchen зауытында тот баспайтын болаттың үлкен табақтарынан кәсіби асүй жабдықтары жасалады.
«Kaspi Жұма арқылы өз кәсібін бастауға қажетті жабдықтарды тиімді бағамен сатып алуға болады. Мысалы, миксерлерді, тағам дайындайтын үстелдерді, тоңазытқыштарды және бизнес бастауға қажет басқа да құрал-жабдықтарды. Ал біз үшін Kaspi Жұма – айналымның артуы, тапсырыстар санының көбеюі және өндірісті кеңейту кезеңі. Меніңше, мұндай тиімді сатып алулар мерекесі біз сияқты қазақстандық өндірушілерге де, сатып алушыларға және кәсіп бастағысы келетін азаматтарға да үлкен пайда әкеледі», – дейді ProKitchen компаниясының директоры Диас Орымбаев.

Диас Орумбаев

Kaspi Жұмаға зергерлік өндіріс орындары, әшекей бұйымдарын жасайтын дизайн студиялары, сән ательелері мен шығармашылық шеберханалар да қатысты. Солардың бірі – Great Steppe шеберханасы. Мұнда ұлттық нақыштағы көрпе, жастық, көрпе-жабын және ұзатылатын қыздарға арналған арнайы жасау жиынтықтары тігіледі.

Шебер өз қолымен тіккен көрпесін таныстырып тұр

Компания өкілдерінің айтуынша, клиенттер Kaspi Жұманы асыға күтеді. Тиімді сатып алу мерекесі басталмай тұрып-ақ алдын ала тапсырыстар түсе бастайды.

Great Steppe шеберханасында көрпе, жастық және басқа да тұрмыстық бұйымдар ұлттық нақышпен дайындалады

 «Осы Kaspi Жұмаға біз клиенттеріміз үшін арнайы сыйлықтар мен бонустар әзірледік. Әрбір жиынтықпен бірге ерекше тарту ұсынылды. Мысалы, «Махаббат» жиынтығын сатып алғандарға есімнің бас әріптері кестеленген бірегей сыйлық пен қоржын тарту еттік. Қоржын – сатып алынған бұйымдарды әдемілеп апаруға арналған сәнді қаптама.

Ал көрпе алған клиенттерімізге жиынтықты толықтыра түсетін жастықтарды сыйладық. Осылайша ұлттық нақыштағы бұйымдар топтамасы бұрынғыдан да көркем әрі мазмұнды бола түсті», – дейді шығармашылық шеберхананың өнімдерін ерекше ықыласпен таныстырған Great Steppe брендінің негізін қалаушылардың бірі Айгерім Сабденова.

Айгерім Сабденова

Arunaz Atelier сән үйі жазғы жаңа топтамасын ұсынды. Мұндағы әрбір киім – нағыз өнер туындысы.

Қазақстандық дизайнер Назым Қарпықованың туындылары Париж, Милан және Токио подиумдарын бағындырған

«Біздің барлық клиенттеріміз Kaspi-ді өте жақсы көреді, өйткені бұл өте ыңғайлы. Kaspi Жұма кезінде біз үлкен жеңілдіктер ұсынып, топтамамыздың басым бөлігін сатып үлгереміз. Бес көйлек сатып алған клиенттерімізге қосымша жейде немесе бас киім сыйлаймыз. Пайданы біз де, сатып алушыларымыз да сезінеді», – дейді Arunaz Atelier сән үйінің негізін қалаушы Назым Қарпықова.

Назым Қарпыкова

Тиімді сауда мерекесін қазақстандық курорттар, қонақүйлер мен демалыс орындары да асыға күтеді.

Қазақстандықтар отандық демалыс орындарында демалғанды ұнатады

Бұл кезеңде брондау саны артып, еліміздің әр өңірінен қонақтар келеді. Соның нәтижесінде ішкі туризм дамуға қосымша серпін алады.

  Жазғы Kaspi Жұма кезінде Қазақстан бойынша турларға сұраныс айтарлықтай артты

«Kaspi мен Kaspi Travel кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Ішкі туризмнің дамуы еліміздің экономикасының нығаюына ықпал етіп жатқаны қуантады. Kaspi Жұмада біз қонақүйдегі жайлы нөмірлер мен коттедждерді ұсынамыз. Сонымен қатар, демалыс күндері таңғы асы қосылған арнайы төмендетілген бағалар қарастырылған. Қонақтарға жасыл желекке көмкерілген аумақ, үлкен бассейндер және көркем құмды жағажай «қызмет көрсетеді», – дейді Home Club демалыс кешенінің PR-менеджері Регина Миникаева.

Регина Миникаева

Kaspi Жұма кезінде логистикалық компаниялар толық қуатында жұмыс істейді. Тапсырыстарды кідіріссіз жеткізуге 10 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Kaspi.kz-пен 60-тан астам курьерлік қызмет серіктес. Ең ірі серіктестердің бірі – Zammler компаниясы

Жеткізуге роботтар да көмектесуде. Kaspi.kz серіктесі – Алматыдағы Zammler компаниясының ең ірі логистикалық хабында жаңа автоматтандырылған сұрыптау жүйесі іске қосылуда. Соның арқасында сәлемдемелер әлдеқайда жылдам сұрыпталып, тапсырыстарды өңдеу мерзімі айтарлықтай қысқарады.

Zammler компаниясы жеткізу мерзімін қысқарту үшін инновациялық технологияларды енгізіп жатыр

«Біз логистикалық үдерістерге үнемі жаңа технологияларды енгіземіз. Соның бірі – пішіні стандартты емес сәлемдемелерді өңдейтін LiBiao роботтары. Олар сағатына 2 000 тапсырысты сұрыптап, 30 бағыт бойынша таратады. Бұл кішкентай сары көмекшілерімізді біз еркелетіп «қоңыздарымыз» деп атаймыз», – дейді Zammler компаниясының Алматыдағы логистикалық хабының өңірлік басшысы Ғабидулла Қолдасбаев.

Ғабидулла Колдасбаев

Тапсырыстар еліміздің барлық өңіріне жүк көліктерімен, пойыздармен және тіпті ұшақтармен жеткізіледі. Шағын сәлемдемелерден бастап ірі көлемді тауарларға дейін Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне дейін тасымалданады.

Курьерлер үшін басты міндет – тапсырысты жылдам әрі ұқыпты жеткізу

«Біздің басты мақсатымыз – клиенттің тапсырысын толық сақталған күйде әрі барынша тез жеткізу. Kaspi Жұма кезінде қызметкерлер санын 2–3 есеге дейін көбейтеміз. Кәдімгі күндері тәулігіне шамамен 20 тапсырыс жеткізсем, Kaspi Жұма кезінде бұл көрсеткіш 40-қа дейін жетеді. Клиенттер бізді әрдайым күлімдеп қарсы алады. Көпшілігі жақындарына сыйлық ретінде тапсырыс береді. Осындай сәттер жұмысыма ерекше қуаныш сыйлайды», – дейді Aquila Logistics курьерлік компаниясының қызметкері Дидар Жекебатыр.

Дидар Жекебатыр

Павел Пестиков – балық аулауды ерекше ұнататын жан. Оның айтуынша, табиғат аясында жайлы демалу үшін сапалы шатырдың маңызы зор. Ол тапсырыс берген шатыр келесі күні-ақ үйінің есігіне дейін жеткізіліп, сатып алғаны үшін жоғары бонустар да есептелді.
«Kaspi Жұма кезінде шатыр сатып алдым. Бұрынғысы әбден тозған еді, енді жаңасы болады. Шатырым өте ыңғайлы: пеш орнатуға және желдетуге арналған терезелері, ұсақ заттарды салатын қалталары бар. Тапсырысымды келесі күні үйіме дейін жеткізіп берді, өзімнің ешқайда баруыма тура келмеді. Оның үстіне 2 мың бонус та түсті. Өте қуаныштымын», — дейді Павел Пестиков күлімсіреп.

Павел Пестиков

Отандық өндіріс орындары мен сауда желілерінің қызметкерлері бір жайтты ерекше атап өтеді: көптеген клиенттер тауарды алдын ала таңдап қояды да, ең тиімді бағамен дәл Kaspi Жұма күндері сатып алады.

Сатып алушылар Kaspi Жұма күндері сатып алуды жөн көреді

Kaspi Жұма кезінде қазақстандықтар киімдерін жаңартып, тойға дайындалып, жеке үйінің құрылысын бастауға қажетті материалдарды сатып алды. Сондай-ақ жиһаз, ауа баптағыштар, ірі және шағын тұрмыстық техника, шатырлар, бассейндер, матрастар, спорт тауарлары және басқа да көптеген қажетті өнімдерді тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігін пайдаланды.

Спорт тауарлары дүкендері – Kaspi Жұманың тұрақты қатысушылары

Жазғы Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесінің сатып алушыларды, кәсіпкерлерді, отандық өндірушілерді, логистиканы және ішкі туризмді бір арнаға тоғыстыратын ауқымды жобаға айналғанын тағы бір мәрте көрсетті.

Фото: Николай Судаков, Ануар Машбаев, Максим Белеченко.


ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 1.2.245/61 лицензия.

©1999-2026 СИ "Zakon.kz"