Үйін жаңартып, қысқы киімді түгендеп, көлігін суық күндерге дайындап, жақындарын қуантуды қазақстандықтар күзгі Kaspi Жұмаға жоспарлап қойды. Отандық кәсіпорындар өндіріс көлемін арттырды, фабрикалар жаңа топтамаларын шығарды, дүкендер тауар қорын толықтырды, ал жеткізу қызметтері жұмысқа қосымша курьерлер алды.
5-8 қараша аралығында қазақстандықтар өзіне, жақындарына көптен бері алғысы келген заттарды сатып алды. 50%-ға дейінгі жеңілдіктер, көбейтілген Kaspi Бонустар, 24 айға бөліп төлеу және серіктестердің арнайы сыйлықтары зат сатып алуды одан әрі тиімді қылды. Қарашадағы Kaspi Жұманың төрт күні қалай өтті? Фоторепортажымыздан көріңіз.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ZETA-ның сегіз зауытында Kaspi Жұмаға дайындық екі ай бұрын басталды.
Ағаш тақталардан шкафтар жасалады, ал металл кесінділері болашақ үстелдер мен орындықтардың бөлшектеріне айналады.
Мұнда жыл сайын үй мен кеңсеге арналған 6,5 миллион бұйым шығарылады. Тиімді зат сатып алу мерекесіне орай жиһаздың жаңа үлгілері де дайындалды.
Кәсіпорындар экологияға да көңіл бөледі: пластикті қайта өңдейді әрі қайта өңдеуге қабылдайды. Ағаш тақталардың қалдықтары да кәдеге жаратылады, суретшілер олардан картина жасайды.
“
«Kaspi Жұмаға 20-дан астам рет қатыстық. Сауда көлемі екі, үш, кейде төрт есе артатынын көріп жүрміз», – дейді ZETA директоры Дінмұхамед Тастанбеков.
Дінмұхамед Тастанбеков
Glasman фабрикасында 2026 жылғы күз-қыс маусымына арналған ерлер киімінің жаңа топтамасы әзірленді.
Классикалық костюмдер, пальто, плащ пен трикотаж бұйымдары – мұның бәрін тұтынушылар Kaspi Жұма кезінде сатып алды.
Ал Саран қаласындағы Tengri Tyres зауытында автокөлік дөңгелектерін өндірудің толық циклі жолға қойылған.
Мұнда резеңке қоспасы әзірленіп, болашақ дөңгелектің бөлшектері жасалады. Кейін олар құрастырылып, вулканизацияға жіберіледі.
Kaspi Жұмаға кәсіпорында Attar маркалы қысқы шегелі шиналар шығарылды.
Shin Line шин орталықтарында Attar шинасын сатып алғандарға дөңгелек тегін қойылды.
Менеджер Ернар Мұратбековтің айтуынша, Kaspi Жұма кезінде компанияның саудасы үш-бес есе артқан.
Шымкенттегі ARUA фабрикасында еуропалық технологиямен табиғи матадан үйге арналған тоқыма бұйымдары тігіледі. Дайын өнімнің сапасы кәсіпорынның өз зертханасында тексеріледі.
“
«Үш-төрт күнде бір айда сатылатын өнімнен бірнеше есе көп өткізуге болады. Адамдар Kaspi Жұманы күтеді, өйткені оның тиімді екенін біледі», – дейді ARUA компаниясының негізін қалаушылардың бірі Гаухар Насырова.
Гаухар Насырова
Кәсіпорындар сұраныстың артуына дайындалып жатқанда қазақстандықтар сатып алатын заттарының тізімін жасады. Кейбіреулер үшін Kaspi Жұма бүкіл пәтерін тиімді бағамен жабдықтауға мүмкіндік болды.
Нұрия Керімбекова АҚШ-та тұрады. Ол анасына пәтер сыйлап, үйді жөндеу мен жабдықтауға көмектесу үшін Алматыға арнайы келген. Анасы екеуі Sulpak дүкеніне барып, тоңазытқыш, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналар, теледидар мен қыздырғышы бар газ плитасын таңдады.
“
«Қызым мені еркелетіп жүр. Алдымен пәтер алып берді, енді үйге жаңа заттардың бәрін сатып алып жатырмыз. Қызым – мақтанышым! Kaspi Жұмаға да рақмет, біз үшін өте тиімді», – дейді анасы Айжамал Жұрабаева күлімсіреп.
Нұрия Керімбекова мен Айжамал Жұрабаева
Нұрия пайызсыз бөліп төлеу арқылы техника сатып алу мүмкіндігін ерекше бағалайтынын айтады. Оның сөзінше, шетелде мұндай тиімді шарттарды кездестірмеген.
Анжелика Илиева Sulpak дүкеніне үлкен ұлына смартфон алуға келді.
Анжелика Илиева үлкен ұлымен
Алайда кіші ұлы да сыйлық алғысы келді. Телефонды тек ағасына алып жатқанын түсінгенде ол жылап жіберді. Ата-анасы екеуін де қуантуды ұйғарып, бірден OPPO маркалы екі смартфон сатып алды. Бала сыйлығын қуана ашып жатса, анасы сол сәтті телефонға түсіріп мәз. Сатып алған заттарына қоса отбасы портативті колонка мен шағын желдеткіш сыйлыққа алды.
5 қарашаға дейін Sulpak техника қорын және ауысымдағы қызметкерлер санын көбейтті: өйткені Kaspi Жұма кезінде сатып алушылар саны үш-төрт есе артады. Дүкен қосымша жеңілдіктер мен сыйлықтар да әзірлеген.
Тиімді зат сатып алу мерекесі кезінде Askona дүкеніндегі кейбір тауарларға 70%-ға дейін жеңілдік жасалды. Kaspi Жұмаға орай мұнда трансформер-кереуетке қосымша 10% жеңілдік беретін «Жұма» науқаны да басталды. Компания өкілі Алеся Каркунова Kaspi Жұма кезінде дүкендердегі сауда көлемі мен келушілер саны 20-30%-ға артатынын айтады.
Askona салонының директоры Алеся Каркунова
Lucente зергерлік дүкенінде Kaspi Жұма кезінде қосымша жеңілдіктер болды. Ал дүкеннің адалдық бағдарламасы бойынша 20 мың теңгеге дейін бонус алуға мүмкіндік берді. Келушілерге флаерлер де таратылды: әшекей сатып алмаса да күміс немесе алтын жалатылған алқа сыйға берілді.
Надежда Яук отбасымен бірге бірден бірнеше алтын әшекей сатып алды. Ол саудасына екі есе қуанды: жақындарын қуантып қана қоймай, өзі жақсы инвестиция деп санайтын алтынға ақша салды.
Надежда Яук
“
«Сырға, екі алтын білезік, екі жүзік пен сағат сатып алдық. Күйеуіме, әкеме, анама, сіңліме – бәріне бір-бірден зат таңдадық. Сырғаны бірден тағып алдым. Қызыма да алқа сыйладық. Kaspi мен Kaspi Жұмаға рақмет», – дейді Надежда.
Бірі дүкеннен тауар таңдап жатқанда, енді бірі онлайн тапсырыс берді. Руфина Тагирова жаңа пәтеріне кір жуып-кептіретін машина сатып алды. Техника үйінің есігіне дейін жеткізілді. Kaspi Жұма кезінде жиһаз бен микротолқынды пеш те алуды жоспарлап отыр.
Әр жеткізілген заттың артында логистикалық компаниялардың, сұрыптау орталықтарының және мыңдаған курьердің еңбегі тұр.
Жаңа технологиялар тапсырыстарды өңдеу уақытын қысқартуға көмектеседі. Zammler Kazakhstan қабылдау пункттерінде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Алматыда сатушылардың 70%-ы тауарларын осы терминалдар арқылы өздері тапсырады.
«Депо» сұрыптау орталығында жүк көліктерінің ішіне дейін кіретін конвейерлі автоматтандырылған желілер орнатылды.
Жүйе сәлемдемелерді сканерлеп, бағыттары бойынша бөледі. Соның арқасында сұрыптау жылдамдығы үш есе артып, сағатына 9 мың тапсырысқа жетті.
Жеткізудің соңғы кезеңіне жауап беретін Irbis Logistics компаниясында операторларға роботтар көмектеседі. Олар сәлемдемелерді Kaspi Postomat-тар бойынша сұрыптайды. Роботтар операторларды алмастырмайды, бірақ жұмысты екі есе жылдамдатады.
Төрт күн ішінде Kaspi Жұма сатып алушыларды, отандық өндірушілерді, дүкендер мен жеткізу қызметтерін біріктірді. Бірі үшін бұл – көптен қалаған затын тиімді шартпен сатып алу мүмкіндігі болса, енді бірі үшін жаңа клиенттер тартып, Қазақстан бойынша сауда көлемін арттыруға жол ашты.
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 1.2.245/61 лицензия.