Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен өз тапсырыстарын алады. Жылдам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл — Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық орталықтарда және тәуелсіз курьерлік қызметтерде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер.
Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында серіктестік негізде логистикалық жеткізу желісін қалай қалыптастырғаны туралы баяндаймыз.
Kaspi еліміз бойынша өте көп сатушы мен сатып алушыларды байланыстырады. Көптеген қазақстандық өндірушілер Kaspi Магазин арқылы өз өнімдерін бүкіл ел аумағында тікелей сату мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, Қарағанды облысының Абай қаласында орналасқан заманауи өндірістік кәсіпорын — Абай тігін фабрикасы.
Абай тігін фабрикасында 100-ден астам адам жұмыс істейді: тігіншілер, пішушілер, техникалық мамандар.
Кәсіпорын қысқы күртешелер, спорттық костюмдер, төсек-орын жабдықтары, арнайы жұмыс киімдері және басқа да тоқыма өнімдерін шығарады. Kaspi Магазиннің көмегімен Абай фабрикасы Қазақстанның барлық өңірінен тапсырыс алады.
Жуырда тапсырыстардың бірі Ақтаудан келіп түсті. Көпбалалы ана Гүлмира Тағаева үлкен қызына ашық түсті спорттық күртешеге тапсырыс берген. Үш күннен кейін сатып алушы өз тапсырысын ең жақын Kaspi Postomat-тан алады. Осы бір қысқа уақыт ішінде сатып алынған зат 3 мың шақырымнан астам жол жүреді. Ал оны тасымалдауға бірден бірнеше өңірлік логистикалық компания қатысады.
2025 жылы Kaspi Жеткізу арқылы жүк көліктеріне арналған шиналар мен жиһаздан бастап, электроника мен киім-кешекке дейін 161 миллионнан астам тапсырыс жеткізілді. Kaspi Магазиндегі пікірлер бөлігінде сатып алушылар «Рақмет, мерзімінен бұрын жеткізілді! Өте жақсы оралған!» дегенді жиі жазады.
Біз тауардың сатушыдан сатып алушыға дейінгі барлық кезеңінен өтіп, бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көзбен көрдік.
Алдымен сатушы өз тауарын тапсырыстарды қабылдау пунктіне әкеледі. Бүгінде еліміз бойынша жалпы ауданы 37 000 м² болатын осындай 100 пункт жұмыс істейді. Әр өңірдегі қабылдау пункттері Kaspi.kz-тің серіктестері болып саналатын тәуелсіз компанияларға тиесілі. Пункттер демалыссыз жұмыс істейді, ал бүкіл ел бойынша тапсырыстарды қабылдаумен 1 000-нан астам қызметкер айналысады.
Kaspi.kz-тің серіктесі - Zammler компаниясының тапсырыстарды қабылдау пункті
Қабылдау пункттеріне жеткен тапсырыстар әрі қарай өңірлік сұрыптау орталықтарына жіберіледі. Бұл - Қазақстанның 10 өңірінде салынған ірі логистикалық кешен.
Әрбір сұрыптау орталығы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және демалыссыз, тәулігіне жүз мыңдаған тапсырысты өңдеуге қабілетті. Ең ірі сұрыптау орталығы Алматы қаласында орналасқан, оның аумағы - 30 000 м². Еліміз бойынша өңірлік орталықтарда ауысыммен 1 500-ден астам адам жұмыс істейді.
Kaspi.kz-тің серіктесі - Zammler компаниясының сұрыптау орталығы
Өңірлік сұрыптау орталықтарының арасында 650 жүк көлігі, пойыздар және, тіпті ұшақтар үздіксіз қатынап, елдің барлық өңірін бірыңғай логистикалық желіге біріктіреді.
Taler компаниясының жүк көліктері. Бұл - Kaspi.kz-тің Қазақстан бойынша магистральдық тасымалдауды жүзеге асыратын логистикалық серіктестерінің бірі.
Осылайша, тапсырыс сатып алушы өңіріндегі сұрыптау орталығына келіп жетеді. Осы жерден оны курьерлік компаниялар алып, өз қоймаларына жеткізеді. Ол жерде тапсырыстар аудандар бойынша бөлініп, сатып алушыларға жеткізу үшін топтастырылады. Kaspi Жеткізудің еліміз бойынша осындай 60 серіктес компаниясы бар, олардың әрқайсысында жеке қоймалардың үлкен желісі қалыптасқан. Kaspi Магазиннен тауар жеткізумен айналысатын курьерлік компанияларда 7 000 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі — курьерлер мен қойма қызметкерлері. Kaspi Жеткізудің серіктестік моделі өңірлік логистикалық компаниялардың дамуына мүмкіндік беріп, бүкіл ел бойынша жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды.
Posta Point курьерлік компаниясының қоймасында
Posta Point компаниясында тапсырыстар жеткізілетін аудандар бойынша үлкен қаптарға сұрыпталып салынады
Егер Kaspi Магазиннен сатушыдан сатып алушыға дейінгі жеткізу үдерісіне қатысатын барлық маманды есептесек, олардың саны 10 000 адамнан асады. Бұл — логистер, жүргізушілер, курьерлер, қабылдау пункттерінің, сұрыптау орталықтарының және қоймалардың қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мамандар.
Әртүрлі өңірлер мен түрлі серіктес ұйымдардағы осынша көп адам қалайша бірлесе, үйлесімді түрде жұмыс істеп, миллиондаған тауарды қысқа мерзімде елдің кез келген нүктесіне жеткізеді? Үйлесімді жұмыс екі негізгі компоненттің арқасында қамтамасыз етіледі.
Біріншісі — Kaspi командасы әзірлеген Logistics Operation Management (LOM) IT-платформасы. Бұл бірыңғай IT-платформа барлық сәлемдемелерді, қоймаларды, жүк көліктерін, ұшақтарды, курьерлерді және басқа да логистикалық ресурстарды бір жүйеге біріктіріп, оларды нақты жеткізу бағыттары мен тапсырмаларға жинақтайды. Жүйе әр тапсырысты нақты уақыт режимінде бақылап отырады, курьерлерге тапсырмалар береді, сұрыптау орталықтары мен тасымалдаушылардың жұмысын үйлестіреді, бағыттарды құруға және есептер жасауға көмектеседі.
Екіншісі — «Стандартты операциялық протокол» (SOP). Құжаттың өзінде оның мақсаты: «Еліміздің бүкіл аумағында тиімділікті және сапаның бірыңғай жоғары стандартын қамтамасыз ету» деп нақты көрсетілген. Бұл — барлық серіктестерге арналған егжей-тегжейлі нұсқаулық. Ол сатушылар мен тапсырыстарды қабылдау пункттерінен бастап, қоймалар мен курьерлерге дейінгі барлық процесті қамтиды.
Мысалы, қоймалардың әрбір санаты үшін аумақ қандай болуы тиіс екені, температура, жүк және жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ орындарының саны, қабылдау аймағындағы жабдықтар, тауарларды тиеу мен түсіру үшін тәулік бойғы қолжетімділік, бейнебақылау және жазбаларды сақтау талаптары, нақты аймақтарға бөлу — қабылдау мен сақтау аймақтарының ара-жігі, қойма қызметкерлерінің еңбек жағдайлары және басқа да талаптар нақты көрсетілген. Бұдан бөлек, ондаған түрлі параметрлер егжей-тегжейлі сипатталған.
Жеткізуді сатып алушылар мен сатушылар үшін тиімді ету мақсатында Kaspi шығындардың басым бөлігін өз мойнына алады. Соңғы үш жыл ішінде Kaspi жеткізу инфрақұрылымына өз қаражаты есебінен 200 миллиард теңгеден астам инвестиция салды.
Міне, сатып алынған тауар ақыры сатып алушының қаласына келіп жетті. Курьерлік компанияға оны бақытты клиентке тапсыру ғана қалады. Мұны екі тәсілмен жасауға болады: тауарды тікелей қолына беру немесе Kaspi Postomat-қа жеткізу.
Сатып алушылардың басым бөлігі Kaspi Postomat арқылы жеткізуді таңдайды. Себебі бұл әлдеқайда ыңғайлы: курьерді күтудің қажеті жоқ, тауарды кез келген уақытта алып кетуге болады. Бүгінде еліміз бойынша 10 000-нан астам осындай құрылғы орнатылған. Ірі қалаларда оларды әр қадам сайын кездестіруге болады, ал ауылдарда, көбіне орталық көшелерде орналасқан. Kaspi Postomat, әдетте, үйден немесе кеңседен 5 минуттық жерде қолжетімді.
Есікке дейін жеткізумен салыстырғанда, Kaspi Postomat арқылы жеткізу ыңғайлырақ, экологиялық тұрғыдан тиімді және қалалық логистикаға түсетін жүктемені азайтады. Бір курьер бір рейс барысында бір Kaspi Postomat-қа 30-ға дейін сәлемдеме жеткізе алады. Курьерлер рейсті неғұрлым аз жасаса, соғұрлым жанар-жағармай аз кетеді және кептелісте өткізілетін уақыт та қысқарады. Бұл, әсіресе, Алматы сияқты ірі қалалар үшін аса маңызды.
Ақтау қаласының тұрғыны Гүлмира Тағаеваның Абай тігін фабрикасынан тапсырыс берген күртешесі де тікелей Kaspi Postomat-қа жеткізілді.
Гүлмира Тағаева, сатып алушы, Ақтау
Жеткізудің басталуы мен тапсырысты ашқанға дейін небәрі үш күн өтті. Осы уақыт ішінде тапсырыс жүріп өткен бағыттың бәрінде көптеген адам бар күшін салып, ананың сыйлығы дер кезінде жетуін қамтамасыз етті.
Kaspi-дің сатушылар мен сатып алушылардың арасында ыңғайлы әрі тиімді тұтас жүйе құра алғаны ел ауқымында үлкен экономикалық әсер беріп отыр. Өндірушілер мен сауда компаниялары басқа қалаларға тауар жөнелту арқылы сатылым көлемін арттыруда. Логистикалық компаниялар мен қоймалар жеткізуден табыс тауып, инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салып, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуда.
2025 жылы тек Kaspi Магазиннің өзі ғана мемлекетке 126 миллиард теңгеден астам, ал 3 жылда 336 млрд теңге салық төледі. Бұл Kaspi-мен бірге өсіп, дамып жатқан серіктестер – дүкендер мен логистикалық компанияларды есепке алмағандағы көрсеткіш.
Таяуда ғана ел аумағының кеңдігі мен халық тығыздығының төмендігінен Қазақстанда логистиканы дамыту тиімсіз деп есептелетін. Алайда Kaspi бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп, жақсы ұйымдастырылған жеткізу жүйесі баршаға тиімді болатынын іс жүзінде дәлелдеді.
КР Каржы нарыгын жане каржы уйымдарын реттеу мен кадагалау агенттігі берген Nº 1.2.245/61 лицензия