Kaspi.kz-тегі Magnum қазақстандық өндірушілерге сатып алушыларды табуға қалай көмектеседі
Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum онлайн супермаркетінің ассортиментінде 11 мыңнан астам тауар түрі бар. Оның 75%-ы Қазақстанда өндірілген. Бұл өнімдерді сатып алушыға жеткізуді көздейтін фермерлік шаруашылықтар, жылыжайлар, наубайханалар мен басқа да кәсіпорындар шығарады.

Сатып алушылар азық-түлікті Kaspi.kz қосымшасында таңдап, тапсырыс береді. Magnum жеткізушілердің өнімдерін қабылдап, сақтайды, тапсырыстарды жинақтап, клиенттерге жеткізеді.
Қазақстандық өндірушілер үшін мүмкіндіктер
Қанат Сүлейменов қарбыз бен қауын өсіреді. Оның бақша шаруашылығы Алматы облысында орналасқан, аумағы — 30 гектар.

Фермер тұқымды әлемнің әр түкпірінен тапсырыспен алдырады. Биылғы маусымда ол 15 түрлі сұрып өсіріп, жүздеген тонна өнім жинады. Кез келген фермердің басты міндеттерінің бірі — мол өнім өсірумен қатар, оны сатып алатын тұтынушы табу.

— Magnum-мен үшінші жыл жұмыс істеп келеміз. Олардың артықшылығы — өнімді көп көлемде алады. Кейде оларға тауарымды ұсынуға да жүрексінемін: тапсырыс соншалықты көп түсіп, бәрін уақытында жеткізіп үлгермей қалуым мүмкін, — дейді бақша шаруашылығының иесі ҚАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ.

Magnum-ның тағы бір серіктесі — GoGreen компаниясы. Бұл қазақстандық өндіруші арнайы рецептімен дайындалған тұздықтары бар, бірден жеуге дайын салат қоспаларын шығарады.
Компания жылыжайларында жыл бойы көк шөп өсіріп, 70 тонна өнім шығарады. GoGreen өнімінің үштен бірін Kaspi.kz-тегі Magnum дүкені арқылы сатады.

— Magnum қазақстандық кәсіпкерлерге клиент табуға да, сату аясын кеңейтуге де жаңа мүмкіндіктер ашады. Жалпы сатылымымыздың шамамен 30%-ы Magnum арқылы өтеді. Magnum өнімдерімізді үйінің жанындағы дүкендерден таба алмаған клиенттерге жетуге көмектеседі, — дейді GoGreen компаниясының сату бөлімінің менеджері АЛЕКСАНДР ХАН.

Magnum өз өнімдерін де шығарады. Мұнда күн сайын шамамен 10 тонна өнім дайындалады: жартылай дайын өнімдер, ет дайындамалары, салаттар, сусындар, нан-тоқаш өнімдері.

— Сатып алушыларымыз нанымызды ерекше жақсы көреді. Ең көп сұранысқа ие түрлері — чиабатта мен батон. Наубайханамызда өндірістің барлық кезеңі қамтылған, нан өнімдерінің 70-тен астам түрін шығарамыз, — дейді өндіріс меңгерушісі ЯНА МАМАНОВА.

Технологиялар азық-түлікті үйге жеткізуге қалай көмектеседі
Kaspi.kz-тегі Magnum қоймаларына күн сайын фермерлер мен өндірушілердің өнімдерін тиеген көліктер келеді. Қабылдау кезінде қызметкерлер өнімнің жарамдылық мерзімін, сыртқы күйін және қаптамасының бүтіндігін тексереді. Содан кейін азық-түлікті тиісті сақтау аймақтарына орналастырады.

Клиент Kaspi.kz қосымшасында тапсырыс рәсімдегенде, ақпарат бірден қоймаға түседі. Тапсырысты екі қызметкер жинақтайды: бірі құрғақ өнімдер аймағында, екіншісі салқындатылған өнімдер аймағында жұмыс істейді.
Тапсырысты жинақтауға орта есеппен 8–12 минут кетеді. Жұмысты цифрлық жүйе үйлестіреді: қызметкерлер тапсырыстағы тауарларды көріп, жинақталғандарын белгілейді. Осылайша қосымшада рәсімделген тапсырыс қоймадағы нақты тапсырмаларға айналады.

— Жеткізуші тауарды түсіргеннен кейін оны сканерлеп, жүйеден тиісті тапсырысты табамыз. Содан соң жарамдылық мерзімін, сыртқы күйін және қаптамасының бүтіндігін тексереміз, — дейді тауар қабылдау аймағының әкімшісі ДАМИР БИХАНОВ.

Өңірлердегі жұмыс орындары мен логистикалық орталықтар
Логистикалық орталықтар алты қалада орналасқан: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Өскемен. Қазір Magnum-ның барлық логистикалық орталықтарының жалпы ауданы 116 680 шаршы метрді құрайды. Алдағы жоспарда тағы төрт филиал, соның ішінде Атырау мен Павлодарда филиалдар ашу бар.

Бір жылда 14 миллионға жуық тапсырыс жеткізілген. Компанияда Қазақстанның алты қаласында шамамен 10 мың адам жұмыс істейді.
Қазақстандық өндірушіден отбасы дастарханына дейін
Алматы тұрғыны Алуа Сабиржанова — төрт баланың анасы. Ол отбасына қажетті азық-түлікті Kaspi.kz-тегі Magnum дүкенінен тұрақты түрде тапсырыспен алдырады.

— Дүкенге өзім барып, ауыр сөмкелерді көтерудің қажеті жоқ. Бұл маған өте ыңғайлы. Курьер бәрін үйге әкеледі, маған тек азық-түлікті ішке кіргізу қалады. Осы үшін Magnum-ға өте ризамын, — дейді АЛУА САБИРЖАНОВА.

Оның тапсырысы бірнеше адамның еңбегін біріктіреді: өнім өсірген фермердің, азық-түлікті тексеріп, жинақтаған қызметкердің және оны үйге жеткізген курьердің. Kaspi.kz-тегі Magnum арқылы отандық кәсіпорындардың өнімдері сатып алушыларға жетіп, күнделікті азық-түлік сатып алу жеңілдейді.

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 1.2.245/61 лицензия.

©1999-2026 СИ "Zakon.kz"
Фото: Николай Судаков
Верстка: Маргарита Ким