Жазғы Kaspi Жұма қазақстандықтарды тағы да таңқалдырды: сүйікті клиенттерге 70 пайызға дейін жеңілдіктер, серіктестерден бонустар және еліміздің демалыс орындарында керемет демалыс мүмкіндігі ұсынылды. Бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесінде тұрғындар үйге қажетті тауарлар, тұрмыстық техника, жөндеуге қажетті құрылыс материалдарын, туристік жолдамалар және көптеген басқа да заттар сатып алды. Kaspi Жұма қалай өтті? Толығырақ фоторепортажда.
Тиімді зат сатып алу мерекесі 20, 21 және 22 маусым күндері өтті. Биыл алғаш рет шараға отандық демалыс орындары қатысты. Олардың қатарында таудағы ерекше – «Ғұндар» этноауылы бар.
Ыңғайлы әрі ұлттық стильде безендірілген киіз үйлер, атпен серуендеу, садақ ату, ұлттық ат ойындары, «Қара жорға» биі, театрландырылған қойылым және әрине, қазақтың ұлттық тағамдары – мұның барлығына «Ғұндар» этноауылында ерекше мән беріледі.
“
Біз 15 жылдан бері туристер мен демалушыларды қазақ халқының көшпелі тұрмысымен таныстырып келеміз. Номадтардың өмірін көрсетеміз. Қазақ халқының қалай өмір сүргенін, көшпенді тіршілігін, ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, ұлттық ойындарын насихаттап, қонақтармен бірге «Қара жорға» биін билейміз. Жақында Kaspi Travel-дің серіктесі атандық. Kaspi Жұма аясында, мысалы, отбасылық демалысты киіз үйде үш мезгіл тамақпен бірге 5-7 күнге рәсімдеуге болады. Біз Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Енді қонақтарымызға жайлы демалуға бұрынғыдан да көп мүмкіндік бар, –
Oi-Qaragai жыл бойы қызмет көрсететін тау курорты мамыр айында Kaspi Travel-ге қосылды. Мұнда келушілерге жайлы коттедждерде тұру, зиплайнмен сырғанау және басқа да қызықты ойын-сауық түрлері ұсынылады. Шипалы таза ауамен тыныстап, «қазақстандық Швейцарияның» таңғажайып көріністерін тамашалауға қызығатындар Алатаудың бөктеріне отбасыларымен келеді.
“
Біз Kaspi Жұма мен Kaspi Travel-ге қосылуды шештік, себебі цифрландыру – бұл өте жақсы, заманауи және ыңғайлы. Бұл – қызметтерді алу жеңілдігі, әрі біз үшін сатылымдарды арттырып, курортымызға келетін қонақтар санын көбейтудің керемет мүмкіндігі. Kaspi Travel-дің қатарында қазақстандық өнімнің, яғни Қазақстан бойынша турлардың пайда болуы – ел туризмін жаңа деңгейге көтеретіні анық, –
Oi-Qaragai тау курорты PR-бөлімінің басшысы Максим Козлов
Kaspi Жұма – Қазақстандағы сауданы дамытудың бірегей экономикалық құбылысы. Оны жұртшылық асыға күтеді, оған дайындалады. Әрбір Kaspi Жұмада қазақстандық өндірушілер қатары артып келеді. Кәсіпкерлердің айтуынша, сауданың үш күнінде тапсырыстар саны еселеп артады, сондықтан олар барлық тұтынушыға тауар жеткілікті болуын алдын-ала қарастырады.
Зауре Сүлейменова 2020 жылы Қытайдан автомобиль аксессуарларын алып сатумен айналыса бастады. Уақыт өте келе, Қазақстанда жасалған тауарларды сату әлдеқайда пайдалы әрі тиімді екенін түсінді. Осылайша 2023 жылы көліктерге арналған төсеніштер мен қаптамаларды тігетін шағын цех ашады. Кәсіпкердің айтуынша, бизнесі екі дүкенге дейін ұлғаюына Kaspi.kz-тегі Kaspi Жұманың да қатысы бар.
“
AUTO MAX – бұл біздің өз өндірісіміз. Арнайы тігін станоктарын, қажетті материалдарды сатып алдық, шеберлерді оқыттық. Бәрі де өзімізде бар. Kaspi Жұмада тапсырыс саны екі-үш есеге көбейеді. Адам көп болады, қарбалас... Бірінші күні-ақ таңертеңнен бастап хабарламалар толассыз келіп түсті. Тапсырыстарды тез-тез өңдеп, жұмысты жалғастырдық. Біз сатып алушылардың көбеюіне алдын ала дайындалған едік, сондықтан бәрі жақсы өтті. Жексенбі бізде демалыс күні болса да, осы жолы үзіліссіз үш күн қатарынан жұмыс істейміз деп шештік. Kaspi Жұмада жеңілдіктер мен сыйлықтар да бар. Осылайша Kaspi Жұмада клиенттерімізге қосымша артықшылықтар мен бонус ұсынамыз, –
AUTO MAX компаниясының негізін қалаушы Зауре Сүлейменова
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі өзге де кәсіпкерлер әрбір сатып алушыны қуантудың қамымен қарқынды режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Анна Савицкая да бар. Астаналық кәсіпкер жұбайымен бірге жеті жыл бұрын хоббиін өмірлік кәсіпке айналдыруға бел буды. Бүгінде Underwood компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша Kaspi.kz арқылы тапсырыс қабылдап, ағаштан үстелдер, консольдер, картиналар, паннолар және басқа да бұйымдарды жаппай әрі тапсырыс берушінің талғамына сай жеке-жеке жасап шығарады.
“
Underwood компаниясында 15 адам бар, барлығы бір жұдырықтай жұмыла жұмыс істейді, жұмыс атмосферасы өте керемет. Kaspi Жұма күндері біздің сатылымымыз едәуір артады. Kaspi.kz біздің көптеген клиенттеріміздің арманындағы отбасылық тамаша үстелге қол жеткізуіне себепкер болды деп айта аламын, –
Underwood компаниясының негізін қалаушылардың бірі Анна Савицкая
Бұл үш күнде ірі сауда орталықтары мен желілік дүкендерде де сатып алушылар саны артты, қызметкерлер болса толық құрамда жұмыс істеді.
“
Kaspi Жұма кезінде біздің сатылым шамамен 1,5 есеге өседі. Бұл біздің дүкен үшін өте керемет нәтиже деп ойлаймын. Ең бастысы – бұл адамдар үшін ерекше көңіл-күй сыйлайтын шара. Kaspi Жұма кезінде көбінесе құрылыс қоспалары мен сантехника, жиһаз, ламинат, есік секілді ірі көлемдегі тауарлар жақсы өтеді. Мұндай мүмкіндік отбасылық бюджетті тиімді жоспарлауға көмектеседі, –
«Комфорт» дүкенінің аға сатушысы Темірлан Шүкенов
Алматылық Артем Лоскутов та осы үш күнде құрылыс дүкендеріне жиі келушілерінің бірі болды. Жақында отбасы жаңа мүшемен толықпақ, сондықтан балалар бөлмесін жөндеп қоюды ұйғарған. Kaspi Жұма дәл уақытында келген екен.
“
Біз ата-ана болуға дайындалып жатырмыз, сондықтан жөндеу жұмыстарын қолға алдық. Балалар бөлмесін бөліп, бәрін жаңа, таза, әдемі етіп жасағымыз келді. Ұзақ ойландық, дайындалдық, таңдап жүрдік, сол үшін дәл осы күндері жөндеуді бастайық деп шештік. Қабырға қағаздарын, төсеме материалдарды, желім және басқа да жөндеуге қажетті заттарды сатып алдым. Kaspi Жұмада алған тиімді – жеңілдіктер бар, әрі күндері маған ыңғайлы. Маған Kaspi Жұманың тауарлар мен дүкендерді таңдаудың көп болғаны ұнайды. Тағы бір плюс – қажет болса, жеткізуді үйімнің қасына, немесе жұмыс орнымның маңындағы ыңғайлы постаматқа рәсімдей аламын, –
сатып алушы Артем Лоскутов
Қазақстандықтардың көбі Артем Лоскутов сияқты, Kaspi Postomat-тің ыңғайлылығын бағалап, сатып алған заттарын сол жерден алуды жөн көреді.
“
Мен Kaspi Жұма кезінде жаңа пәтеріме қажетті ұсақ тұрмыстық техниканың бәрін сатып алдым. Kaspi бұл мәселеде көп көмектесті. Ұсақ-түйек заттарды постоматтан алып жүрмін, өте ыңғайлы. Ал үлкен заттарды Kaspi үйіме жеткізіп береді. Барлығы ұнайды, үлкен рахмет, –
сатып алушы Анна Михайленко
Еңбек Молдахметов те Kaspi-ді белсенді пайдаланады және жеткізудің жылдамдығы мен сапасын жоғары бағалайды. Kaspi Жұма кезінде ол үйіне ішкі есіктер сатып алып, Алматыдағы жеке үйінің қақпасына дейін тегін жеткізіп беруді рәсімдеген.
“
Міне, жеке үй сатып алдым, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әйелім іссапарда жүргенде есіктерді ауыстырып алғым келді. Kaspi Жұма кезінде бес есікке тапсырыс бердім, солай әлдеқайда арзанға шықты. Жеткізуі тамаша, уақытында келеді. Ал сапасы – өте жақсы. Не алсам да, бәрі сапалы келеді. Дүкенге барып та қажеті жоқ. Өйткені жеткізіп береді, бәрі көңілімнен шығады. Үйге әкеліп, қойып береді. Өте ризамын, –
сатып алушы Еңбек Молдахметов
Әр Kaspi Жұма бұл – 1 миллионнан астам тапсырыс. Осындай ауқымды жеткізу ағынын игеру үшін логистикалық компаниялар жаңа қоймалар салып, заманауи автоматтандырылған жүйелер енгізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Бұл – тұтас бір экономикалық саланың дамуына серпін беріп отыр.
Kaspi Жұма қазірдің өзінде отандық феноменге айналды. Бұл – адамдарға тиімді сауда жасауға, ал бизнеске өсіп-өркендеуге мүмкіндік беретін мереке.
Поделиться в соцсетях
КР Каржы нарыгын жане каржы уйымдарын реттеу мен кадагалау агенттігі берген Nº 1.2.245/61 лицензия
Фото:Руслан Османханов, Карен Седракян, Николай Судаков, Алексей Попов