Сатып алушы қазақстандық былғары аяқ киімді таңдап тұр

Қазақстанда жасалған:аяқ киім өндірушілер
Kaspi.kz арқылы
бизнесін
қалай
дамытып жатыр?

Kaspi.kz-тегі Магазинде Қазақстанда жасалған тауарлар жыл сайын көбейіп келеді. Отандық ең ірі маркетплейстің арқасында жергілікті өндірушілер Қазақстанның түкпір-түкпірінен, соның ішінде шағын қалалар мен шалғай елді мекендерден де тұтынушыларын тауып жатыр.

Қыс мезгілі жақындаған сайын аяқ киім өндірушілердің жұмысы қыза түседі. Қазақстанда аяқ киімді ірі фабрикалар да, шағын шеберханалар да шығарады. Әрқайсының өз үлгісі, технологиясы мен жұмыс тәсілі бар. Алайда оларды бір нәрсе біріктіреді – сатып алатын тұтынушыларды табуға Kaspi.kz көмектеседі.
«ТаразКожОбувь» ЖШС – Қазақстандағы ең ірі былғары аяқ киім өндірушісі. Мұнда аяқ киімнің табанын жасаудан бастап, дайын өнімді құрастыруға дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылған. Аяқ киімдер табиғи былғары мен жүннен жасалады.
Фабрикада алғашқы аяқ киім 65 жыл бұрын шығарылған. Ауқымды қайта жаңғыртудан кейін кәсіпорын заманауи жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Фабриканың ерекше мақтанышы – аяқ киім табанын жасайтын немістің Desma қондырғылары. Мұнда өндірілген табандар -45°С-тан +150°С-қа дейінгі температураға төзімді.
Бүгінде фабрикада 250 адам жұмыс істейді, ал өндірістік қуаты жылына 500 мың жұпқа дейін аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді.
“
АСАН АБСАЛИМОВ
«ТаразКожОбувь» ЖШС бөлшек сауда жөніндегі директоры

– Біз қазақстандықтардың сапалы әрі бағасы қолжетімді аяқ киім кигенін қалаймыз. Kaspi арқылы өнімдерімізді еліміздің басқа қалаларына ғана емес, шалғай елді мекендерге де жеткізе аламыз. Біздің аяқ киімдеріміздің ерекшелігі – табиғи былғарыдан жасалуы, астарының табиғи жүннен болуы және табанының беріктігі. Табаны 400 келіге дейінгі жүктемеге төтеп береді. Біз тек сертификатталған материалдарды пайдаланамыз
Kaspi-мен ынтымақтастықтың арқасында ірі өндіріс орындарынан бастап шағын шеберханаларға дейін жаңа нарықтарға шығып жатыр. 25 жылдық тарихы бар алматылық Boros аяқ киім бренді бүгінде бүкіл елге осылай танылды.
Осы уақыт ішінде Boros брендінің өзіндік үлгіде жасалған аяқ киімдері Қазақстанның түкпір-түкпірінен сатып алушыларын тапты. Қазір шеберлер ай сайын 450 жұпқа дейін аяқ киімді қолмен тігеді. Компания әйелдерге арналған үлгілерді шығарып, өнім түрін көбейтіп жатыр. Алдағы уақытта балалар аяқ киімін шығаруды да жоспарлап отыр.
“
ИГОРЬ ОСЬМУШКО
Boros Shoes директоры

– Біздің аяқ киімдеріміздің барлығы ең жоғары сапалы табиғи былғарыдан жасалады. Біз бизнесті бастаған кезде-ақ Kaspi-ді негізгі сату арнамызға айналдыруды көздедік. Үлкен шоурумдар ашып, сауда орындарын жалға алуға қомақты қаражат жұмсағымыз келмеді. Сондықтан өнімдеріміздің бағасын қолжетімді деңгейде ұстап отырмыз.
Ал Қарағандыдағы Neyches Boots шеберханасы отандық материалдардан әлемдік классика үлгісіндегі аяқ киімдер тігеді. Өндірісте қолданылатын былғарының 60%-дан астамы Қазақстанда шығарылады. Бұл ретте тапсырыстар географиясы әлдеқашан ел шекарасынан асып кеткен. Қарағандылық шеберлердің аяқ киімдерін Германия, Норвегия және АҚШ-тан сатып алады.
Kaspi-мен ынтымақтастық Қарағандыдағы шағын брендке қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болуға мүмкіндік берді.
“
НИКИТА ДОРОШ
Neyches Boots негізін қалаушы

– Әрине, біз Kaspi.kz-тегі Магазинде бармыз. Бұл бізге үлкен көмек әрі сатылым көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Kaspi сатып алушы үшін кепілгер қызметін атқарады. Сатып алушы тауарын қолына алмайынша, дүкенге ақша түспейді.
Energyprom.kz деректеріне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда аяқ киім өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,6%-ға өсті. Алайда қазақстандықтар сатып алатын аяқ киімдердің басым бөлігі әлі де шетелден әкелінеді. Қаңтар-мамыр айларында нарықтағы экспортты ескере отырып есептегенде отандық кәсіпорындардың үлесі небәрі 6,7% болды. Қазақстандық өндірушілер онлайн сауданың көмегімен нарықтағы үлесін арттыруды көздеп отыр. Бұл бағытта оларға Kaspi.kz көмектеседі.
Қазақстанда өндірілген аяқ киімдердің өзіндік артықшылықтары бар. Олар жергілікті климат ерекшеліктеріне бейімделген әрі сапасына кепілдік бар. Ал сатылған әрбір аяқ киім – жаңа жұмыс орындарын ашуға және жеке өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 1.2.245/61 лицензия.

©1999-2026 СИ "Zakon.kz"
Фотографтар: Николай Судаков
Верстка: Назира Омарова